
Батарея мен зарядтағыш туралы ақпарат
Бұл құрылғы BL-4C зарядталатын батареямен пайдалануға арналған. Nokia бұл құрылғы үшін қосымша батарея
түрлерін шығаруы мүмкін. Әрқашан Nokia корпорациясы шығарған батареяларды пайдаланыңыз.
Бұл құрылғы келесі зарядтағыштан қуат алу кезінде пайдалануға арналған: AC-3 . Nokia зарядтағышы үлгісінің нақты
нөмірі қосқыш түріне қарай әртүрлі болады, олар E, X, AR, U, A, C, K, B немесе N әріптері бойынша анықталады.
Батареяны жүздеген мәрте зарядтап, зарядсыздандыруға болады, бірақ ол ақыры тозады. Сөйлесу және күту
режимдері көрсетілген қалыпты уақыттан қысқарғанда, батареяны ауыстырыңыз.