SIM картасы мен батареяны салу
Ескерім: Қақпақтарын шешпестен бұрын құрылғыны өшіріп, зарядтағышты
және басқа да құрылғыларды ажыратыңыз. Қабын ауыстыру кезінде электрондық
құрам бөліктерді ұстаудан абай болыңыз. Құрылғыны әрқашан қабымен ұстай
отырып қолданыңыз
Маңызды: Бұл құрылғы стандартты SIM картасымен (суретті қараңыз) ғана
пайдалануға арналған. Сәйкес келмейтін SIM карталары құрылғы мен картаны
зақымдауы, сондай-ақ картадағы деректерді бүлдіруі мүмкін. mini-UICC ойығы
бар SIM картасын пайдалану туралы кеңесті мобильді байланыс
операторыңыздан алыңыз.
Маңызды: SIM-картаға зиян келтірудің алдын алу үшін, әрқашан картаны
салудан немесе алудан бұрын батареяны алыңыз.
Бұл телефон BL-4C батареямен пайдалануға арналған. Әрқашан Nokia
корпорациясы шығарған батареяларды пайдаланыңыз.
SIM картасы мен оның контактілері тырналса немесе иілсе, олар оңай бүлінеді,
сондықтан, картаны ұстағанда, салғанда немесе шығарғанда абайлаңыз.
1 Саусағыңызды телефонның үстіңгі жағында тесікке салып, артқы қақпақты (1)
жайлап көтеріп, алыңыз.
2 Егер батарея салынған болса, батареяны көтеріңіз(2).
6
Жұмысты бастау
3 SIM картасын салу немесе шығарып алу (3 немесе 4) Картаның түйіспе аймағы
төмен қаратылғанын тексеріңіз.
4 Батареяның контактісін және батарея бөлімін дұрыстап түзетіп, батареяны
салыңыз (5). Артқы қақпақты ауыстыру үшін, төменгі құлыптайтын
бекітпелерді слотқа (6) қарай бағыттаңыз және қақпақ орнына (7) түскенге
дейін басыңыз.