Қолдау
Өнімді пайдалану жөнінде қосымша мәлімет алу үшін немесе телефоныңыздың
қалай жұмыс істейтінін білмесеңіз, пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып
шығыңыз.
Егер бұл мәселені шешпесе, төмендегілердің біреуін орындаңыз:
•
Телефоныңызды өшіріп, қайта қосыңыз. Телефонды өшіріп, батареясын
шығарып алыңыз. Бір минуттай уақыт өткен соң, батареяны салып,
телефонды қосыңыз.
•
Телефонның бағдарламалық құралын жаңарту
•
Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру
Егер мәселе шешілмей қалса, жөндету үшін Nokia компаниясына хабарласыңыз.
www.nokia.com/repair веб-тораптарына кіріңіз. Телефонды жөндеуге жібермес
бұрын, міндетті түрде деректердің сақтық көшірмесін жасап алыңыз.